Адамзаттық капитал

Қазақстанда ҰОС ардагерлеріне атаулы әлеуметтік қолдау көрсетуде белсенді іс-шаралар атқарылуда - ДСӘДМ

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (ДСӘДМ) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ұлы Отан соғысының (ҰОС) қатысушылары мен мүгедектерінің материалдық-тұрмыстық жағдайларына тексеру жүргізіп, олардың әрқайсысына қосымша әлеуметтік көмекке мұқтаждық картасы толтырылды. Осы карталар негізінде ардагерлерге әлеуметтік қолдау көрсетілуде.
Казахстан24 Сәуір , 10:12

Министірліктің ақпараты бойынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың басынан бері жергілікті бюджеттер қаражатынан 32,5 мың ардагерге (ҰОС қатысушыларына, мүгедектеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне) 1,1 млрд. теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек көрсетілді; ҰОС 82 қатысушысы мен мүгедегі баспана алды; 31,6 млн. теңгеге 1,3 мың ардагердің тұрғын үйлеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пәтерлеріне телефондар орнатылды; 15,1 мың азаматтың 581,9 млн. теңгеге коммуналдық қызметтерінің шығыстары төленді; 924 ардагер  60,2 млн. теңгеге шипажай-дауажайда емделуге жолдама алды; 17,6 мың ардагер 72,4 млн. теңгеге дәрілік заттармен қамтамасыз етілді; ҰОС 416 қатысушысы мен мүгедегіне 10,8 млн. теңгеге тіс протезі салынды;  16,9 мың ардагер 167,5 млн. теңгеге қалаішілік бағыттар бойынша жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігіне ие болды; ҰОС 21 қатысушысына 671,4 мың теңгеге қала сыртына қатынайтын көліктерде және теміржол көліктерінде жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігі берілді; 409 ардагер 9,9 млн. теңгеге отынмен қамтамасыз етілді; 10,6 мың ардагер 19,7 млн. теңгеге мерзімді басылымдарға жазылды.

11 мыңнан астам ардагерге 53,2 млн. теңгеге басқа да көмек түрлері (тұрмыстық техника, жүріп-тұру құралдары, міндетті гигиеналық құралдар сатып алынды, әлеуметтік такси, шаштараз, монша қызметтері, кабельді телевидение орнату) көрсетілді.

5083 ҰОС ардагері «Линия жизни» (байланыс нүктесі) медициналық сигнализаторлармен қамтамасыз етілді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2015 жылы ҰОС қатысқандар мен мүгедектерге, оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне және ҰОС Жеңіске үлес қосқан ҚР өзге де азаматтарына бір реттік материалдық көмек көрсетуге республикалық бюджетте 5,8 млрд. теңге қарастырылған. Бұл қаражат мақсатты трансферттер түрінде әкімдіктерге беріліп, жоспар бойынша төлем жүргізіледі.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар ардагерлерге мерейтойлық медальдар тапсыруға кірісіп кетті. Ұлттық банк барлығы 207 923 медаль әзірледі.

«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған Астана қаласындағы іс-шараларға 260 соғысқа қатысушы және 70 ілесіп жүруші адам, ал Мәскеудегі Қызыл алаңда өтетін әскери шеруге – 6 соғысқа қатысушы және оларға ілесіп жүретін 6 адам барады. «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» АҚ Орталық кеңесінің ұсынысы бойынша Қазақстаннан баратын делегация құрамында Астана, Алматы қалаларынан, Алматы, Қарағанды, Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан ардагерлер болады.  

ҰОС Жеңістің 70 жылдығына арналған Астана және Мәскеу қалаларындағы мерекелік шерулерге қатысу үшін ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің, сондай-ақ оларға еріп жүретін адамдардың жол жүру, тұру және тамақтану шығыстарын төлеу үшін республикалық бюджетте 61 млн. теңге көзделген.

2015 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстанда 4715 - Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектер, 193015 - ҰОС жылдарында тылда жұмыс істегендер; 245 - қоршауда болған Ленинград тұрғындары; 616 –кәмелетке толмаған кездерінде концлагерьлерде, гетто және басқа да мәжбүрлі орындарда болғандар; 172 – ҰОС кезіндегі әскери қызметкерлер, партизандар, астыртын жұмыс істегендер, қайтыс болғандардың (із-түссіз жоғалып кеткендер) қайта үйленбеген жұбайлары; 10808 - қайтыс болған соғыс мүгедектердің әйелдері бар.




Яндекс.Метрика