Энергетика саласын дамыту

Қазақстан мен Германия энерготиімділікті көтеру саласында келісімге қол қойды

Қазақстандық энергоүнемдеу және энерготиімділікті жетілдіру орталығы» ЖШС және DENA Неміс энергетикалық агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 28 Сәуір, 09:54

Келісім Қазақстандағы өнеркәсіптік және азаматтық нысандардың энергоүнемділігі мен энергетикалық тиімділігін көтеру бойынша бірлескен жобаны іске асыруға бағытталған. Құжатта Қазақстан Республикасында тиісті салада заманауи технологияны игеру және жаңашылдықты енгізу үрдісіне германдық озық тәжірибені тарту көзделген.

Ведомствоның ақпараты бойынша, аталған құжат 2012 жылы ақпанда ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Германияға ресми сапары барысында Шикізат, өнеркәсіп және технология салаларында серіктестік туралы қол қойылған үкіметаралық келісімін және «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму бағдарламасында Елбасы қойған міндеттерін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.

DENA агенттігі энергоүнемдеу саласындағы көптеген жобалар мен бағдарламалардың басты үйлестірушісі болып табылады. Ол 2000 жылы құрылған, құрылтайшысы құрамына Германияның экономика және энергетика, көлік, құрылыс және тұрғын үй шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау министрліктері кіретін Германия Федералдық үкіметі болып табылады.

Агенттіктің құзыретіне тұрғын үй секторларында энергоүнемдеу, электроэнергияны тиімді қолдану, көліктерде электроэнергияны тиімді қолдану, сонымен қатар, жаңартылмалы энергия көздері кіреді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика