Халықаралық интеграция

ҚР елшісі Сержан Әбдікәрімов Чехия Президентіне сенім грамотасын тапсырды

22-сәуір күні Қазақстанның Чехиядағы елшісі Сержан Әбдікәрімов Чехия Республикасының Президенті Милош Земанға сенім грамотасын тапсырды.
Әлемде24 Сәуір , 09:38

Елші Қазақстанның Чехиямен барлық салалар бойынша қарым-қатынасты дамытуға үлкен маңыз беріп отырғандығын және Чехияны өзінің Орталық Еуропадағы шешуші әріптесі санайтындығын атап өтті. Ол Чехия Көшбасшысын Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуынан хабардар етті. Сондай-ақ алда келе жатқан сайлау науқаны мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай атқарылатын шаралар мен VIII Астаналық экономикалық форум мен V әлемдік және дәстүрлі діндер лиедерлері съезінің ұйымдастырылу барысымен таныстырды.  

Дипломат Астананың Прагамен одан әрі де екіжақты және көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты дамыта беруге мүдделі екендігін атап өтті. Осындай әріптестіктің қатарында Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақты да атап өтуге болады.  

М.Земан Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жаңғыртулары мен аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жетістіктерін жоғары бағалады. Сондай-ақ Чехия лидері Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға бейіл екендігін айтты.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика