Адамзаттық капитал

Ақмолалық оқушылар «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлермен кездесті

Ақмола облысы Аршалы ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ардагерлермен кездесу өтті, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 24 Сәуір, 09:23

Еңбек ардагерлерімен кездесу аршалылық Балалар шығармашылы орталығында, онда білім алып жүрген балалар мен олардың ата-аналарымен де ұйымдастырылды.   

Аудандық кітапханада басқосуға қатысшуылардың назарына «Бейнелеу өнері» бөлімінде білім алып жатқан жастардың шығармашылық еңбектері ұсынылды және онда еңбек ардагері Кирилл Говядов шақырылды. Ардагердің өмірі фашистердің Беларуссияны басып алу кезіне тұспа-тұс келген. Кездесуге өзге де бірқатар ардагерлер қатысты.

«Ақмола Медиа Орталығының» хабарлауынша, кездесуге кәсіби суретші Қанат Абдин қатысты. Оның туындыларында Қазақстанның тарихы бейнеленеді. Бұдан соң кездесуге қатысушылардың барлығы Балалар шығармашылығы орталығының тарихи-өлкентану мұражайына шақырылды. Онда «Бізді соғыс батырлардың есімдерімен шақырады» атты фотосуреттер көрмесі өтті. Бұл көрме «Қайта оралған жады» атты шығармашылық жобаның нәтижесі.      

Мұражайда жиналғандардың назарына «Бабаларға Жеңіс үшін алғыс!»  атты шығармашылық еңбектер ұсынылды. Кирил Говядовтың балалық шағы туралы оның немересі Данил Говядов айтып берді. Ал соғыста мерт болған ардагер азаматтарды еске алуға арналған бір минут үнсіздіктен соң, жиын әдеби кешке айналып, онда соғыс туралы шығармалар оқылды.  

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика