Ұлтаралық бірлік

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясының қатысушылары үндеу қабылдады

Елбасының бастамасымен ұйымдастырылған ҚХА жылы саяси бейбітшілік пен келісімнің негізінде барлық халықтардың бірлесуі арқылы гүлденген ел құруды насихаттауға бағытталған, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясының қорытындысы бойынша үндеу қабылданды.
Астана қаласы23 Сәуір , 19:16

 ««Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясы Мемлекет басшысының көрнекті бастамалары – жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын және Бес институционалдық реформасын толығымен қолдайтынын мәлімдейді», - делінген үндеуде.

Сессия Қазақстандық бірегейлікті әрі қарай нығайтуға және азаматтық принципіне,«Мәңгілік Ел» идеясының негізіндегі ұйыстырушы құндылықтарға,тілдердің үш тұғырлығын дамытуға, ұлттың негізі ретінде орта тапқа негізделген «Болашағы біртұтас ұлт» қана орнықты және табысты мемлекеттің ең сенімді іргетасы болатынын атап өтеді. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа жалпыазаматтық құндылықтар жүйесінің негізі, біздің қоғамымыздың рухани жетекші басымдығы – жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясын тұтастай және толығымен қолдайды.

««Мәңгілік Ел» идеясы- қоғамымыздың рухани жетекші басымдығы.«Мәңгілік Ел» – бұл біздің бірлігіміздің қуатының қайнар көзі.«Мәңгілік Ел» – барша қазақстандықтарды біріктіретін біздің Тәуелсіздігіміздің сенімді рухани тірегі.«Мәңгілік Ел» – бұл қазақстандық мемлекеттіліктің терең тарихын айшықтайтын жалпыхалықтық идея!«Мәңгілік Ел» – бұл өз Атамекеніне деген сүйіспеншіліктің белгісі, қазақстандық патриотизмнің жоғары деңгейі, рух күші, Отанға адалдық, еліне шынайы берілгендік, азаматтық борыш!«Мәңгілік Ел» идеясы біздің алға басуымыздың пәрменді ынталандырушысы, барша халық үшін ақиқат сәтінің орнауы», - делінген Үндеуде.

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясының қорытындысы мерекелік концертпен жалғасты.

Индира Қауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика