Сайлау-2015

Кандидат Т.Сыздықов Көкшетау қаласының сайлаушылармен кездесті

Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Көкшетау қаласының «Истоки» мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесті, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.
Ақмола23 Сәуір , 20:17

Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықов Көкшетау қаласындағы «Истоки» мәдениет үйінде сайлаушылармен кездесті. 

Тұрғындармен кездесу барысында Т.Сыздықов сайлауалды тұғырнамасының тезистерін баяндай келе, батыстық тұрмыс салтының кемшіліктері мен сау ұлт қалыптастыру үшін салауатты өмір салтын ұстану қажеттігі туралы ойларымен бөлісті. 

«Марксизм-ленинизмнің ғылыми негізделген идеялары қазіргі уақытта өзінің маңыздылығы мен өзектілігін жоғалтқан жоқ. Заманауи құрылымдағы коммунизм ғана жойқын батыс мәдениетіне қарсы тұра алады. Қазақстан Коммунистік халық партиясының қызметі ғылыми социализм идеяларына, маркстік-лениндік ілім және прогрессивті қоғамдық пайымдауға негізделген», - деді Тұрғын Ысқақұлы шараның басында. 

Оның айтуынша: «Батыс халықтың ақыл-ойын әділеттілік, кішіпейілдік, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс сияқты ғасырлар бойы қалыптасып келген адамгершілік пен өнегелік қағидаларын жоғалтқан кинематография және әдебиет өнімдерімен уландырып келеді. Батыс киносы тек зорлық-зомбылыққа үйретіп және жастардың ойында тек жеңіл табыс ұмтылысын дамытып келеді.

Олардың киім кию салты ақылға сай келетін киімдерге сәйкес келмейді. Батыстың мәдени стандарттары тұтыну кейпіне айналып кеткен. Олар өмірде ең бастысы жаңа заттар, телефондар, теледидарлар деп уағыздап келеді. Адамдық қарым-қатынастар құнсызданып кеткен». 

Кандидат Т.Сыздықовтың пайымдауынша: «бүгін бейбітшілік, достастық, интернацонализм сияқты жалпы адамдық құндылықтар маңызды болып табылады.

Барлық елдерде прогрессивті күштер жаңашылдық пен шыдамдылықтың жоғары идеалдарының маңыздылығын түсініп келеді.

Әр түрлі мәдениет өкілдерінің арасындағы достық бірлікті бекітуге жігерлендіреді. 

Сондай-ақ,ҚР президенттігіне кандидат Т.Сыздықовтың аймақтық сайлауалды штабтары атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді.

Қарағанды облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі А.Зевахинның айтуынша: «26 наурыздан бері облыстық сайлауалды штабы ҚР Президенттігіне үміткер Тұрғын Сыздықовты қолдауға бағытталған шаралар өткізіді, кандидаттың аймақ сайлаушыларымен кездесулерін ұйымдастырды».

Оның сөзіне сәйкес, сайлауалды үгіт-насихат науқанының негізгі бөлігі марксизм-ленинизм идеяларын үгіттейтін ҚКХП атынан кандидаттың сайлауалды тұғырнамасына арналған.

Қоғамдық идеалдарды батыстың тұтынушылық стандарттарымен алмастыру батыс жастарын жауапсыз тұтынушыларға айналдырып келеді.

А.Зевахин айтқандай: «Шыдамдылықтың жаңашылдық күшіне, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жоғары құндылығына назар аудару қажеттігінің маңызы зор».

«Зорлық-зомбылықты жаппай насихаттау, жастарды тұтынушылыққа бағыттау, олардың ақыл-ойын, ізгілігін жойып, адамның өмірін құнсыздандырады. «Батыс жастары отбасылық құндылықтар, дәстүр, бірізділік, үлкендерді құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттерге мүлде жат тұтынушылық стандарттармен өмір сүріп жатыр. Мұның бәрі рухани нигилизмге үндейтін ашық насихаттың салдары.

Мұндай қоғамда өмір сүретін адамдарың өмірлік қағидаттары – жалқаулық және материалдық ашкөздік, толық моральдік жауапсыздық», - деді штаб жетекшісі.

А.Зевахинның айтуынша, сайлау науқанының соңғы сатысында партия белсенділерінің басты назары аймақтағы сайлаушыларға Т.Сыздықовтың сайлауалды тұғырнамасының мазмұнын жеткізу және оларды іске асыру жолдарын түсіндіру болып табылады.

Кандидаттың Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі Ш.Байдаулетов сайлаушылар, республикалық штаб және кандидат Т.Сыздықов алдында жоспарланған шараларды сапалы әрі дер кезінде атқарғаны туралы есеп беріп, алдына қойылған мақсаттарға қол жеткізгені туралы баяндауға әзір екендігін жеткізді.

Халық арасында үгіт-насихат кампаниясы сапалы жүргізілді, сайлаушылармен, халықаралық бақылаушылармен және қоғам мүшелерімен кездесулер ұйымдастырылды.

Біздің насихат шараларымыз штатты режимде, келеңсіз жағдайларсыз өткізілді.




Яндекс.Метрика