Сайлау-2015

Кандидат Н.Назарбаевың РҚШ мүшелері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ ұжымымен кездесті

Бүгін,23сәуір күні ҚР Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ еңбек ұжымымен, Л.Н.Гумилев атындағы еураия Ұлттық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен, өнер және мәдениет өкілдерімен кездесіп, қант диабетін алдын алуға арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Астана қаласы23 Сәуір , 20:06

Делегация құрамында - Республикалық штабтың жетекшісі Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Еңбек ері Айман Мұсақожаева, Әбіш Кекілбаев, Қазақстанның Патриоттар партиясының төрағасы Ғани Қасымов, «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев , «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани қалиев, «Бірлік» партиясының төрағасы Серік Сұлтанғали, ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР парламент депутаттары Владимир Редкокашин, Қайырбек  Сулейменов, Алдан Смайыл, «Ұлттық кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағсы Юрий Пя, МЕҰ өкілдері мен қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мүшелері бар.

Өз сөзінде «ТұлпарTalgo» кран көпір зауытының машинисті Наталья Иванова Қазақстанның барлық еңбеккерлері сияқты президенттік сайлауда Н.Назарбаевқа дауыс беретіндіктерін айтты.

«Мен үшін балаларым мен немерелерімнің болашағы өте маңызды. Назарбаев – бар әлемде мойындалған беделді тұлға. Мен осындай гүлденген елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Мен өз дауысымды елдің гүлденуіне беремін. Мен барлық қазақстандықтарды 2015 жылдың 26 сәуірінде елдегі тұратылыұ пен бейбітшілікке дауыс беруге шақырамын, яғни Елбасыға дауыс берейік», - деді Н.Иванова.

Келесі кездесу Тәуелсіздік сарайында ғылыми, шығармашылық интелегенция өкілдерімен, театр және кино әртістерімен, республикалық баспасөз басылымдарының өкілдерімен өтті. «Астана Опера» театрының әншісі Салтанат Ахметова Қазақстанның шығармашыл жастарының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа мәдениет пен өннер саласына деген қолдауы үшін алғысын білдірді. 

«Менің жолым болды, мен жастар үшін барлық мүмкіндіктер жасалған, керемет мемлекет қазіргі Қазақстанда өмір сүрудемін. Біздің бүгін өмірден ең жақсыларды ғана алуға мол мүмкіндігіміз бар. Осының барлығы да біздің қамқор да көрегенді Көшбасшымыздың арқасы»,-деді С.Ахметова.

РҚШ мүшелерінің Еуразия ұлттық университетінде болған кездесулерінде танымал жүргізуші Мая Бекбаева сөз сөйледі. Ол қазақстандықтардың өздерінің басшыларымен мақтанулары керектігін айтты.  

"Мен интернационал отбасында өстім және Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа біздің мемлекетімізде сенің ұлтың маңызды емес екеніне алғысымды айтамын. Ол Қазақстанда халық бірлігі мен ынтымақтастығының шынайы атмосферасын жасақтады. Ол ұлы көшбасшы", - деп атап өтті  М.Бекбаева.

Астана тұрғындары еліміздің басқа аймақтарының азаматтарындай бір ауыздан оларға мықты, әрі өркендеген Қазақстан керек деп мәлімдеді. Сондықтанда олар Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс береді.  

 

 




Яндекс.Метрика