Ұлтаралық бірлік

ҚХА 20 жылдығына арналған арнайы медальдармен Ассамблеяның 3 мың қатысушысы марапатталады

Қазақстан халқы Ассамблеясының 3 мың қатысушысы ҚХА 20 жылдығына арналған арнайы алтын мерейтойлық медальдармен марапатталады, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Астанадағы ҚХА-ның ХХІІ сессиясы барысында.
Астана қаласы23 Сәуір , 18:49

 «ҚХА 20 жылдығына арнайы мерейтойлық алтын медаль бекітілді және Ассамблеяның 3 мың қатысушысы аталмыш медальмен марапатталады. Менің атымнан аймақтарда менің өкілдеріме табыс етілетін болады», - деді ҚР Президенті.

Айта кетерлік жайт, ХХІІ сессия барысында Мемлекет басшысы Ассамблеяның құрылған күнінен бастап қоғамдық келісімнің нығаюына, ел бірлігін дамытуға елеулі үлес қосқан белсенділерді мерейтойлық медальдармен марапаттады.  

Мерейтойлық «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалін, сонымен қатар ҚХА-ның қоғамдық «Бірлік» алтын медалі ҚХА 20 жылдығы құрметіне ҚР Президенті атынан табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада  ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы  өтуде.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика