Ұлтаралық бірлік

Н. Назарбаев: Біз өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек

Біз өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек, деді Мемлекет басшысы Астанадағы ҚХА-ның ХХІІ сессиясы барысында.
Астана қаласы23 Сәуір , 17:51

«Біз өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек. Ол үшін білім беру жүйесі, мәдениетті тәрбие, бұқаралық ақпарат құралдары, этномәдени бірлестіктер жұмылдырылуы керек. Мұндай жалпыұлттық құндылықтарды нығайтуда зиялы қауымның рөлі зор», - деді ҚР Президенті.

Елбасының айтуынша, жаңа Қазақстан үшін, жаңа көзқарастар үшін өскелең ұрпақ жаңа туындыларды дүниеге әкелу керек. «Адамдар театр мен кинодан, жалпы өнерден  шынайылықты, адамгершілікті күтеді. Осы бағытта біздің мәдениетіміз жұмыс істеуі керек. Мәдениет және спорт министрлігі ҚХА бірлесіп БАҚ пен ғаламторда әлеуметтік жобалар жасақтап, жүзеге асыру керек», - деп мәлімдеді Ұлт көшбасшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада  ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы  өтуде.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика