Сайлау-2015

ШЫҰ атынан бақылаушылар миссиясы ҚР ОСК жұмысын бағалады

Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Дмитрий Мезенцев ҚР Орталық сайлау комиссиясының жұмысын бағалады.
Астана қаласы23 Сәуір , 17:44

«Біз ШЫҰ бақылаушылар құрамының қалыптасуы аяқталғандығын айтқан болатынбыз.  Миссия құрмына ШЫҰ барлық мүше елдері енді: ҚХР, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан. Сондай-ақ, миссия құрамында штаб-пәтер ұйымының аппараты жұмыс істеуде. Біз Астанадағы сайлау учаскелеріне баруды жоспарлап отырмыз», - деді Д.Мезенцев.

Оның айтуынша, 10 мың сайлау учаскесінде ауқымды жұмыстар жүргізілді.

«Біз Қазақстан тәжірибелеп отырған сайлау үдерісі ұлттық заңнаманың сақталуының жарқын көрінісі. Әрбір азаматқа жеке қарау тәжірибесі. ҚР ОСК төрғасымен кездесу барысында айтылған сөздер сайлаудың жоғары деңгейде, кәсіптілікпен ұйымдастырылып жатқандығының жарқын көрінісі болды»,  - деді Д.Мезенцев.

Ботагоз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика