Білім беру

ҚР Президенті үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мәңгілік ел: бір ел-бір тағдыр» атты XXII сессиясында үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды.
Астана қаласы23 Сәуір , 17:35

«Біз үштілділікті енгізу жұмысын үдетудеміз. Бұл ойдан шығарылған дүние немесе тілек емес, бұл қажеттілік. Бүгінде қазақстандықтардың 20 пайызы ағылшын тілін меңгерген. Яғни үш тілді білу жаһандық кеңістіктегі өмірге деген жолдама. Бұл адамның өмірінің заманға сай дамып келе жатқандығыны көрінісі. Түптеп келгенде балалар планетаның тұрғыны болады»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.  

Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрлігіне Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, үштілді білім беруді дамытудың Жол картасын дайындауды тапсырды.  

«Мен бүгінде қазақ тілін меңгерген қазақ емес азаматтарға, өз балаларын балабақшадан бастап өз Отанының тілін білуге тәрбиелеп жүрген ата-аналарға шын көңілден алғысымды білдіріп, басымды игім келеді. Бұл бәріміздің біріктіреді және бірдей азаматтықты қалыптастырады. Қазақ тілінің дамуы осы уақытқа дейінгі тарихта мұндай көлемді білген емес. Қазақ емес қаншама азамат бүгінде қазақ тілін біледі, мен оны санай алмаймын, өте көп»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Камила Амирова




Яндекс.Метрика