Ұлтаралық бірлік

Н. Назарбаев: Біз қиындыққа толы тарихымыздан сабақ алуымыз керек

Біз қиындыққа толы тарихымыздан сабақ алуымыз керек, деді Мемлекет басшысы Астанадағы ҚХА-ның ХХІІ сессиясы барысында.
Астана қаласы23 Сәуір , 17:31

«90 жылдары Қазақстаннан 3 млн 690 мың адам кетіп қалды, елде 14 млн-нан сәл көп халық қана қалды. Кейбір мемлекеттік саяси көшбасшылар бізді өз жақтарына тартқысы келді. Бір жағынан панисламизм идеясы, екінші жағынан пантюркизм, ал үшінші жақтан батыс өркениетінің артықшылығы, еркіндік пен демократия. Олардың барлығы бізді материалдық, саяси, тіпті әскери игіліктерді уәде ете отырып  дәстүрлі серіктестерімізден бас тартуға шақырды. Ел тағдырын біз қазақстандықтар өз қолымызға алдық. Бүгінгі мемлекетті құрдық, енді біз сыйлымыз және танымалмыз. Біз оны өз бақытымыз, өзіміздің өсіп өркендеуіміз үшін жасадық. Біз теперішке толы тарихымыздан сабақ алуымыз керек», - деді ҚР Президенті.

Елбасы атап өткендей, ол этносаралық қарым-қатынас пен оның тарихына байланысты. «Ол біздің мектептерімізде жастар, болашақ ұрпақ білуі үшін еш кедергісіз оқытылуы керек. Өткен 20 ғасырда Қазақстан жерінде этносаралық қоғам мен халықтың байланысын құру процесі жүрді», - деп баса айтты Н. Назарбаев.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика