Ұлтаралық бірлік

Н.Назарбаев: Қазақстандық бірлік азаматтық ұстаным негізінде қалыптасуы керек

Қазақстандық бірлік азаматтық ұстанымға негізделуі керек,-деді Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында сөйлеген сөзінде.
Астана қаласы23 Сәуір , 17:18

«Біздің Конституциямыз нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ерекшелігіне қарамастан, барлық азаматтардың теңдігіне кепілдік береді. Енді қазақстандық бірлікті одан әрі нығайта түсу керек және ол азаматтық ұстанымдарға негіздлелуі тиіс. Барлық азаматтар бірдей құқықты пайдаланып, оларға бірдей жауапкершілік жүктеліп,  қандай да бір мәселелерге қол жеткізуде де бірдей мүмкіндік болуы керек»,-деді ҚР Президенті.

Елбасы сондай-ақ «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының біріктіруші күші - барлығының еңбексүйгіштік, тазалық, оқып-білім алуға деген ұмтылыс, мәдениетті қоғам, төзімді мемлекет сияқты ұғымдардың барлығы бойынша азаматтардың біркелкілігі болатындығын атап өтті.

«Бұл біздің барлығымыз соның айналысында бірігіп, өзіміздің басты құндылықтарымыз санауымыз тиіс қарапайым ғана түсініктер. Олар біздің Ассамблеямыз жұмыс істеп жатқан «Мәңгілік ел» патриоттық актісінің негізін салуға бағытталған»,-деді ұлт Көшбасшысы.   

Естеріңізге сала кетейік, Астанада  ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы  өтуде.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика