Ұлтаралық бірлік

Біз Қазақстанның әлемнің жоғарғы мәдениетті үш ондығына кіруін қамтамасыз етуіміз керек - Н. Назарбаев

Біз Қазақстанның әлемнің жоғарғы мәдениетті үш ондығына кіруін қамтамасыз етуіміз керек, деді Мемлекет басшысы Астанадағы ҚХА-ның ХХІІ сессиясы барысында.
Астана қаласы23 Сәуір , 17:05

«Белсенді дамып отырған әлем ұлттарының: АҚШ, Жапония мен Еуропа елдерінің, Оңтүстік Шығыс Азия барыстарының тәжірибесі көрсетіп отырғандай берік мәдени діңгек болмай әлемде мемлекеттік экономикалық саяси табысты болу мүмкін емес. Осы ретте, планетаның 30 құрметті ұлттарының біріне айналу үшін бірінші кезекте 21 ғасырда белсенді дамып келе жатқан мәдениеттердің қатарынан табылуға тиістіміз. Біз Қазақстанның әлемнің жоғарғы мәдениетті үш ондығына кіруін қамтамасыз етуіміз керек», -деді ҚР  Президенті.

Осы ретте, Елбасы атап өткендей, Астана небәрі 2 жылдан кейін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін қабылдайтын болады, ол Қазақстанның шынайы әлеуеті мен мүмкіндіктерінің айнасына айналады.

«Біз дүниежүзілік көрмені өткізу құқығын жеңіп алған 17 мемлекетпіз, біз оны 160 мемлекеттің арасынан жайдан-жай жеңіп алған жоқпыз», - деп атап өтті Ұлт көшбасшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада  ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы  өтуде.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика