Сайлау-2015

ҚР ОСК ШЫҰ байқаушыларын Президент сайлауында болатын жаңалықтардан хабардар етті

ҚР Орталық сайлау комиссиясы мүшелері Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушыларымен кездесу барысында оларға кезектен тыс Президент сайлауының дауыс беру күнінде болатын жаңалықтардан хабардар етті.
Астана қаласы23 Сәуір , 16:49

«Мен өзіміздің алдымызда тұрған және өзекті болып табылатын мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар ерекшеліктер туралы айтып бергім келіп отыр. Бұл бірінші кезекте сайлаушылардың тізімімен және оларды түгендеумен байланысты. Биылғы жылы біз сайлаушылардың тізімін өте мұқият нақтыладық. 2015 жылдың 1-қаңтарындағы мәліметтер бойынша сайлаушылардың тізімі 200 мыңнан астам адамға көбейді. Біз сайлаушы дауыс беру учаскесіне келіп, өзін сайлаушылар тізімінен таппаса не істейміз деген мәселені жан-жақты ойластырдық. Біз әрбір учаскеде халыққа қызмет көрсету орталықтарымен тікелей байланыс орнаттық, олар сайлау учаскесінің құзырлы қызметкерінің сұранысы жөнінде тиісті мекен-жай бойынша анықтама береді. Онда сайлаушының қайда тіркелгендігі көрсетіледі де сайлаушы өзі бекітілген жерден дауыс береді. Мұндай байланыстар 9 мың 741 уаскеге орнатылды. Дауыс беруге келген әрбір сайлаушы бұл міндетін қалайда орындайды»,-деді ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ШЫҰ байқаушыларымен кездесу барысында.   

Оның сөзінше, бастапқыда дауыс беруге арналған куәліктермен қиындықтар туындаған. «Егер сайлаушы дауыс беру күні өзінің болмайтындығын және басқа сайлау учаскесінен дауыс беретіндігін білсе, оған арнайы куәліктер беріледі. 2009 жылы арнайы қаулы негізінде мұндай куәліктерді сайлаушылардың 1 пайызына ғана беру жөнінде шешім шығарғанбыз. Алайда 1 пайыз куәлік бізге жетпейтін болды. Қазіргі таңда біз жаңа қаулы шығарып, куәліктер санын шектейтін бұрынғы қаулының күшін жойдық. Енді сайлау комиссиясы мүшелері куәліктерді бере береді.»,-деп қосты Қуандық Тұрғанқұлов.

Бұл ретте ОСК екі рет дауыс берудің мүмкін еместігін жеткізді.      

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика