Ұлтаралық бірлік

Біз тәуелсіздікке барлық этностың басын біріктіру арқылы бейбіт жолмен жеттік – Назарбаев

Біз тәуелсіздікті барлық этностың басын біріктіру арқылы бейбіт жолмен алдық, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы барысында.
Астана қаласы23 Сәуір , 16:41

«Соғыс жылдары Қазақстан 250 фашистер  шекарасында қалған адамды қабылдады. 50-ші жылдары негізгі аймақтарға тағы 1,5 млн адам келді. Жабық әскери  нысандар мен полигондар 150 мың маман мен олардың отбасын қабылдады», - деді Н.Назарбаев.

Жалпы, 20 ғасырдың басында Қазақстанға 5,6 млн адам көшірілді. «Бұл тарихты білмегендердің назарына, Қазақстан құрылғалы бері көпұлттық мемлекет болған жоқ. Екінші жақтан алып қарасақ, сталиндік коллективицазияның салдарынан 1,5 млн адам аштықтан қырылды. Олардың соңы күн көру көздері малдарын тартып алған еді. 1,3 млн қазақстандық репрессиядан құтылу мақсатында  КСРО аймағына өтуге мәжбүр болды», - деді Елбасы.

«Бұдан қорытынды жасасақ, әлемде бірде бір ел қазақ елі сияқты демографиялық құлдырау мен жойылуға шақ қалған оқиғаларды басынан кешірмеді. Біз мойымадық, сталинизмнің жазықсыз құрбандарына көмек бердік, біз өз тәуелсіздігімізге адал, бейбіт жолмек қол жеткіздік. Біз бүгін толеранттылық пен келісімді негізге ала отырып болашаққа нық қадам басып келеміз», - деді Елбасы.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика