Ұлтаралық бірлік

Н. Назарбаев: Ассамблея тарихы – ол біздің тұрақтығымыздың тарихы

Ассамблея тарихы – ол біздің тұрақтығымыздың тарихы, деді Мемлекет басшысы Астанадағы ҚХА-ның ХХІІ сессиясы барысында.
Астана қаласы23 Сәуір , 16:37

 «Ассамблея тарихы – ол біздің тұрақтығымыздың тарихы,  біз оны қастерлеуіміз керек, біз оны әрқашан есте сақтап, бағалауымыз керек – ол халық естелігі үшін, достығы үшін, балаларымыз бен немерелеріміздің өзара түсіністігі үшін бастысы», - деді ҚР Президенті.

Осы ретте, Елбасы атап өткендей, Ассамблея елімізде Үкіметпен бизнестің қолдауы арқылы өткізіліп жатқан барлық қайырымдылық акцияларының орталығына айналуы керек.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада  ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы  өтуде.

Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың арасында еліміздің барлық аймақтарындағы Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы орган жетекшілері, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашылық интелегенция, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары бар.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика