Ұлтаралық бірлік

Н.Назарбаев Қазақстанда мейірімділік мерекесін енгізуді ұсынды

Мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында барлық этностардың бір-біріне деген сый-құрметін көрсететін, жыл сайын аталып өтетін мейрімділік мерекесін егізуді ұсынды.
Астана қаласы23 Сәуір , 16:24

«Қазақстан халы Ассамблеясының құрылған жылы, яғни 1-мамырда немесе басқа бір күнді таңдауға болады, жыл сайын барлық этностардың бір-біріне деген сыйластығын және мейрімділік танытып, осы этностардың барлығын құшағын жая қабылдаған қазақ халқына деген сый-құрметін көрсететін күнін атап өту әділ болатын еді»,-деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұл ретте Президент  бұл күннің Қазақстан халықтарын бүгінгіден де жақындастыра түсетіндігін атап өтті. «Бұл күн мейрімділіктің, достықтың және барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген сүйіспеншілігінің жарқын мерекесі болатын еді»,-деді ұлт Көшбасшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ассамблеяның «Мәңгілік ел: бір ел – бір тағдыр»  атты XXII сессиясы өтіп жатыр.  

Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысуда. Олардың арасында еліміздің барлық аймақтарындағы Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы орган жетекшілері, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашылық интелегенция, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары бар.

Индира Кауметова

 

  

 

 




Яндекс.Метрика