Ұлтаралық бірлік

Н.Назарбаев қазақстандықтарды Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы өтуде.
Астана қаласы23 Сәуір , 16:20

«Құрметті қазақстандықтар, отандастар, сіздерді Қазақстан халқы Ассамбелясының 20 жылдығымен құттықтаймын.Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы - бұл тұрақтылықтың 20 жылдығы, 20 жылдық бірлескен еңбектің жемісі, даму мен бірігудің, достықтың жетістігі», - деді Елбасы.

Н.Назарбаев атап өткендей, Ассамблея 1995 жылы құрылған болатын.

«Бүгінде қазақстандық жастар Қазақстанның 20 –шы ғасырдың 90-шы жылдардағы кейпін елестете алмайды. Біздің 15 елдің ішінде ең соңғы орында тұрғанымыз, өкінішті еді. Біздің бар экономикамыз шекаралық-экономикалық әсерден ғана құралған болатын, оның бәрі Қазақстанның сыртында басқарылды.  Республиканың тағдырын, яғни біз, қазақстандықтар өз қолымызбен қолға алып әлем мойындайтын елді тұрғыздық», - деді Мемлекет басшысы.

Камила Амирова

 




Яндекс.Метрика