Ұлтаралық бірлік

Астанада ҚХА-ның XXII сессиясы өз жұмысын бастады

ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік ел: бір ел - бір тағдыр» атты ҚХА-ның ХХІІ сессиясы өз жұмысын бастады.
Астана қаласы23 Сәуір , 15:59

Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысады. Олардың арасында еліміздің барлық аймақтарындағы Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы орган жетекшілері, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашылық интелегенция, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары бар.

Айта кетейік, 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа институтын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

ҚХА-ның  XXII сессиясы осы ұйымның 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл ҚХА жылы болып жарияланды. Үкіметтің қаулысымен Ассамблея жылы мен Конституцияның 20 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу туралы ұлттық жоспар бекітілді.  

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика