Сайлау-2015

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенті куәлігінің үлгісін бекітті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда «Қазақстан Республикасы Президенті куәлігінің үлгісін бекіту туралы» қаулы қабылданды.
Астана қаласы23 Сәуір , 14:54

«ҚР ОСК қарауына «ҚР Президенті куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Жарлық жобасы келді. Жобаға сәйкес, біз ҚР Президенті куәлігінің үлгісін бекітеміз», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов.

Аталған үлгі негізінде ағымдағы жылғы 26 сәуірдегі кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президентінің куәлігі дайындалады.

«Қазақстан Республикасы Президенті куәлігінің үлгісін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 15 желтоқсандағы                                          № 57/112 қаулысының күші жойылды деп танылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика