Халықаралық интеграция

Қазақстан БҰҰ-ның штаб-пәтерінде толеранттылықты ілгерілету бойынша тематикалық дебатқа қатысты

БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев қатысқан толеранттылық пен бітімгершілікті ілгерілету бойынша жоғары деңгейдегі тематикалық дебат өтті.
Әлемде24 Сәуір , 09:08

ҚР СІМ ақпараты бойынша, шараны БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының президенті Сэм Кутеси және БҰҰ-ның Өркениет альянсы бойынша жоғарғы өкілі Н.Абдулазиз Ан-Нассер ұйымдастырды.

Екі күндік дебат аясында жоғары деңгейдегі пленарлы отырыс пен интерактивті пікір талас өтті. Онда мемлекеттердің бейбітшілік және еркіндікті білдіру саясаты, адам құқығы, зорлықзомбылыққа қарсы тұру, экстремизм мен ксенофобия мәселелері қаралды.




Яндекс.Метрика