Адамзаттық капитал

Қарағанды облысында 511 жергілікті жердің тұрғыны өз үйлеріне оралды– ТЖК

Қарағанды облысының Ғ.Мұстафин атындағы ауылда 511 тұрғыны өткен тәулік ішінде үйлеріне оралды, деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов апаттық-құтқару жұмысына байланысты баспасөз конференциясында.
Қарағанды23 Сәуір , 13:22

«Қарағанды облысында өткен тәулікте Бұқар Жырау ауданының Ғ.Мұстафин ауылының 511 тұрғыны үйлеріне оралды. 382 адам эвакуацияланған күйде қалуда», - деді Р.Иманқұлов.

Оның айтуынша, медициналық орталық пен тамақтандыру орындары жұмыс істеуде.

«Жұмысқа  ішкі істер органы мен жергілікті органдар, коммуналдық қызметтің  355 адамы, 47 бірлігі, 3 құтқару  бөлімінің  мотошамы  жұмылдырылған», - деді ол.

Сондай-ақ, ведомствоның ақпаратынша, СҚО-да Аққайың ауданы Қиялы ауылының су сору сорғылары бойынша жұмыс аяқталды.

Ботагоз Айтжанова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика