Адамзаттық капитал

Ақмола облысында су тасқынымен байланысты жағдай қалыпқа келе бастады - ТЖК

Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Жаңажол ауылындағы жағдай реттеліп келеді, деді ІІМ ТЖК тұрғындарды ақпараттандыру мен оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов еліміздің аймақтарында қалыптасқан су тасқынына байланысты жағдай мен апаттан құтқару бағытындағы жұмыстар жөнінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы23 Сәуір , 13:08

«Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Жаңажол ауылындағы жағдай реттеліп келеді, онда судың деңгейі төмендей бастады. 33 құтқарушы мен 9 техника 6 қайықта тәулік бойы елді мекен маңында кезекшілікте тұр. Құтқарушылар тұрғындардың үйлерінің жағдайларын күнделікті көріп, біліп тұру үшін оларды күн сайын арғы бетке өткізіп, қайтадан алып келуде»,-деді Р.Иманқұлов.

Оның сөзінше, су ағызатын арналар жасау жұмыстары жүргізілді, уақытша дамбалар тұрғызылып, инертті материалдар салынған қаптар да бар.

Бұған қоса, Қосшы, Тайтөбе, Шнет, Қызылжар, Қорғалжың ауданына қарасты Талапкер, Ягодное ауылдары мен Астрахань ауданына қарасты Старый Клутон ауылы мен Атбасар қаласында күні-түні мониторинг жүргізіліп, ағын сулар ағызып жіберілуде.   

Ботагөз Айтжанова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика