Адамзаттық капитал

ТЖК: Су тасқыны салдарын бағалау үшін елімізде қашықтықтан бақылау жер серіктері қолданылады

Елдегі су тасқынымен байланысты жағдайды бағалау үшін қазақстандық жерсеріктерінің жерді қашықтықтан зондтау мәліметтері қолданылады, деп хабарлайды ІІМ ТЖК тұрғындарды ақпараттандыру мен оқыту бөлімінің бастығы Руслан Иманқұлов еліміздің аймақтарында қалыптасқан су тасқынына байланысты жағдай мен апаттан құтқару бағытындағы жұмыстар жөнінде өткен баспасөз-мәслихатында.
Астана қаласы23 Сәуір , 12:49

«Республикадағы су тасқынымен байланысты жағдайды бағалау үшін қазақстандық жерсеріктерінің жерді қашықтықтан зондтау бойынша алынған мәліметтері қолданылады. Су тасқыны қаупі туған аймақтарда суды ағызып жіберу, тұрғын үйлердің айналаларына топырақ төсеу және инертті материалдармен көмкеру жұмыстары жалғасуда»,-деді бөлім бастығы.

Оның сөзінше,  барлық жерлерде жол бетін ретке келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «16 мың 188 адамның 14 мың 631-і үйлеріне қайта оралды, қалғандары туыстарының үйлерінде тұрып жатыр. 22 788  метр дамбалар салынып, 95 мың 847 топырақ салуға арналған қаптар жиналды, 439 мың 881 текше метр су ағызылып жіберілді»,-деді Р.Иманқұлов.

Су тасқыны кезеңі басталғалы бері апаттан-құтқару жұмыстарына 6 мың 518 адам, 1 мың 722 техника, 154 сутартқыш, 113 жүзетін  құрылғылар жұмылдырылды.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика