Адами капитал

Павлодар облысының оқушылары «Біз Жеңістің - ұрпағымыз!» атты сахыналық әскери әндер байқауын өткізді

Павлодар облысында М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған «Біз Жеңістің - ұрпағымыз!» атты сахыналық әскери әндерінің облыстық конкурсының финалы өтті, деп хабарлады ҚР БҒМ.
Павлодар24 Сәуір , 08:53

Финалда павлодарлық жалпы орта білім беру мектептерінің командалары мен Май ауданының Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері өнер көрсетті.  Қазылар алқасы құрамында жұмыс атқарған «Жас даурен» вокал студиясының концертмейстері Черникова Татьяна Владимировна, Оқушылар сарайының педагог-ұйымдастырушысы Ешимкулов Жақсыбек Махамагшкулович, және «Арман-шоу» театр-студиясының вокал бойынша педагогы Бекболатова Әйгерім Сакенқызы болды.

Жас орындаушылардың шеберлігі келесі көрсеткіштер бойынша бағаланды: актерлік шеберлік – мәнерлілік пен эмоционалдық сахналық қойылым; вокалдық шеберлік - сапасы, орындаудың реттілігі және сахналық іс-әрекет; бұқаралалық–орындаудың түпнұсқалығы,  ән мазмұнының негізгі ойын жеткізе білу және сипатын айқындау; сценография – мәдениет және сахналық образ, сахналық костюмдерді және реквизиттерді пайдалану, тақырып пен регламентке сәйкес болу. 




Яндекс.Метрика