Білім беру

Ақмолалық оқушылар Жалпыресейлік зерттеу жұмыстары байқауында жеңіске жетті

Ақмола облысының оқушылары В.И. Вернадск атындағы оқушылардың пәнаралық олимпиадасына қатысты, деп хабарлады «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола23 Сәуір , 20:43

Олимпиадада Ақмола облысының атынан 2 оқушы бақ сынады. «№1 мамандандырылған облыстық мектеп интернатының» 11-сынып оқушысы Ғалым Башаров «Лингвистика» гуманитарлық бағытта «Заманауи әлемдегі тіл» тақырыбында, Көкшетау қаласы №1 орта мектептің 11 сынып оқушысы Нұрлан Алдияр «Химия» жаратылыстану ғылымы саласында бар білімдерін ортаға салды.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды: іріктеу және шешуші кезең. Екі оқушыда білімі бағаланған байқауда оқ бойы озып шығып, алтын медаль иеленді.

Байқаудың мақсаты  зерттеу жұмыстарына қатысқан жасөспірімдерді зияткерлік және жеке дамыту, білім беру мекемелеріндегі зерттеу қызметінің инфрақұрылымдары мен ұйымдардың жүйесін дамыту.




Яндекс.Метрика