Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Маңғыстау облысында табиғи газды өндіру 3 айда 4,6 пайызға артты

Маңғыстау облысында үш айдың ішінде табиғи газды өндіру көлемі 4,6 пайызға артты, деп хабарлайды аймақтың ішкі саясат басқармасы.
Маңғыстау23 Сәуір , 15:17

«2015 жылы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысының  2014 жылы халыққа жолдаған  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында берген тапсырмаларына және мемлекеттік, стратегиялық және салалық бағдарламаларға сәйкес жүргізілді. 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 392 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді»,-делінген хабарламада.

Ал, тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру саласында қызмет ететін салалар 351,6 миллиард теңгенің өнімдерін өндірді. Нақты индекс көлемі 100,6 пайызды құрады.  

Осы бағытта таратылған ақпараттарға сәйкес, есепті кезеңде 4,6 миллион тонна мұнай өндірілген. Өсім 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 пайыз. Табиғи газды өндіру 4,6 пайызға артып, 543,5 миллион текше метр болды. Қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,3 пайызға өсіп, 17,8 миллиард теңге болды. Резина және пластмасса өндірісінде де өсім байқалады. Бұл көрсеткіш 2,6 есеге көбейіп, химия өнеркәсібі саласындағы өнім 2,9 пайызға артты. Ал, тағам өнеркәсібі 11,1 пайызға артық өнім шығарып отыр.     

2015 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында негізгі капиталға деген инвестициялар көлемі 92,5 миллиард теңгені құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңінен 2,2 пайызға жоғары болып отыр.  

 

  

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика