Адамзаттық капитал

Патриоттық акция қазақстандықтардың ҰОС тарихы туралы білімін тексерді

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында патриоттық акция өтті. Елорда қонақтары мен тұрғындарына он екі қазақстандықбатыр -Ұлы Отан соғысына қатысушысының суреттері көрсетілді, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Астана қаласы 23 Сәуір, 14:49

Олардың ішінде Кеңес Одағының батырлары Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қарсыбай Сыпатаев, Николай Терещенко, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Леонид Беда, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бегелдинов және Нүркен Әбдіров бар.

Сауалнаманы жүргізушілер тұрғындардан батырларды суреттеріне қарап танып, олардың аты-жөнін, даңқты ерліктері мен қызметтері туралы әңгімелеп беруді сұрады.

Сауалнама нәтижелері бойынша ең танымал Әлия Молдағұлованың портреті болды. Мерген-батыр қызымызды акцияға қатысушылардың барлығытанитындығын мәлімдеді.

Сауалнама аяқталысымен қатысушыларға ҰОС батырларын туралы танымдық мәліметтері бар арнайы ақпараттық кітапшалар таратылды. Жеңіс күні қарсаңында ұрпақ болашағы, бейбіт өмір үшін күрескен даңқты батырларымызды білу, оларға құрмет көрсетужәне алғыс білдіру – біздің қасиетті борышымыз. Осы орайда1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойы еліміздегіайтулы оқиғамереке болып саналады. 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика