Ұлтаралық бірлік

Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен ҚХА-ның XXII сессиясы өтеді

Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өтеді, күн тәртібіндегі тақырып - «Мәңгілік Ел: бір ел - бір тағдыр». Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы23 Сәуір , 11:05

«Сессия жұмысына 1500-ден астам адам қатысады. Олардың арасында еліміздің барлық аймақтарындағы Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және аймақтық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент депутаттары, орталық және атқарушы орган жетекшілері, саяси партиялар мен діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашылық интелегенция, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және жоғары оқу орындарының ректорлары бар»,-делінген хабарламада.

ҚХА-ның  XXII сессиясының қарсаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, оның барысында ҚХА қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.  

Айта кететін мәселе, ҚХА-ның  XXII сессиясы осы ұйымның 20 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2015 жыл ҚХА жылы болып жарияланды. Үкіметтің қаулысымен Ассамблея жылы мен Конституцияның 20 жылдығын ұйымдастыру мен өткізу туралы ұлттық жоспар бекітілді.  

Естеріңізге сала кетейік, 1995 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа институтын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

 




Яндекс.Метрика