Инфрақұрылымның дамуы

Қызылордада заман талабына сай тұрғын үй кешені салынады

«Арай» мөлтек ауданынан жаңа тұрғын үй кешені бой көтермек. Кешенде 3 қабатты 12 және 18 пәтерлік 2 үй, 2 қабатты танхаус болады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда23 Сәуір , 15:34

«Бұл кешенде 3 қабатты 12 және 18 пәтерлік 2 үй, 2 қабатты танхаус болады. Сондай-ақ, коттедж үйлер де бой көтермек. Балаларға арналған ойын, спорт алаңдары да қарастырылған. Мердігер жобаны өз қаражаты есебінен жүзеге асырмақшы. Құрылыс жұмысы толығымен 2016 жылы аяқталатын болады», - делінген хабарламада.

Кеңес отырысында тұрғын үй кешенінің эскиздік жобасы мақұлданды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев нысанды сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

Салынатын құрылыс нысандарының барлығы техникалық талапқа сай және қаланың сәулетіне кері әсерін тигізбеу керектігін ескертті.

 




Яндекс.Метрика