Адамзаттық капитал

Оңтүстік Қазақстан облысының өрт сөндірушілері соғыс ардагерлеріне көмек көрсетуде

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының ТЖД қызметкерлері соғыс ардагерлеріне көмек көрсетуде, деп хабарлады ІІМ ТЖК.
Оңтүстік Қазақстан23 Сәуір , 12:38

«Елге қасірет әкелген Екінші Дүниежүзілік соғысқа Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданынан 7032 азамат аттанған екен. Соның 3780-і майдан даласында қаза болса, 3252-і шаңырағына оралып, еңбекке араласқан», - делінген хабарламада.

Шаян ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Абдуллаев, Б.Игісінов және Т.Сейсенбековтердің үйлеріне барып, Жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Дастархан басында сұрапыл соғыстағы ерліктері туралы емен-жарқын әңгіме өрбітті. 

Гарнизонның атынан келе жатқан Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесіне орай бағалы сыйлықтарын тапсырды. Сондай-ақ, ардагерлердің үйлеріндегі көктемгі дала  және басқа да шаруашылық жұмыстарына жәрдем берілді. Майдангерлер ризашылықтарын білдіріп, елдегі тұрақтылықтың тұғырлы болуын тіледі. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

 

 




Яндекс.Метрика