Өңірлер

Жамбыл облысында табиғи газды сұйылту зауытының құрылысы басталады

Жамбыл облысындағы жылына кемінде кіріс көлемі 100 млн. м3 қуатты табиғи газды сұйылту бойынша зауыт құрылысы жүзеге асуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жамбыл23 Сәуір , 12:23

«Өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ғалым Айдосов және «Астана-Транс-Ойл» ЖШС директоры Асқар Асанқұлов табиғи газды сұйылту зауытының құрылысын жүргізуге қатысты үшжақты меморандумға қол қойды», - делінген хабарламада.

Жиынға басқарма басшылары мен ірі кәсіпорындардың басшылары қатысты. Басқосу барысында тараптар ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты орнату  негізінде көлік құралдарын отынның экологиялық таза түріне ауысу, қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын келісті.

Меморандумның негізі Жамбыл облысындағы жылына кемінде кіріс көлемі 100 млн. м3 қуатты табиғи газды сұйылту бойынша зауыт құрылысының жобасын іске асыру бойынша тараптардың ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуы және дамытуы болып табылады.

Жалпы құны 100 млн. АҚШ долларын құрайтын қажетті көлік инфрақұрылымды дамытып, ТГС зауытының құрылысын және құрылыс саласындағы және нормаларға сәйкес газ құбырына жалғау бойынша жұмыстарды «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы  өз бетінше атқарады.

 




Яндекс.Метрика