Сайлау-2015

Астана бойынша 160-қа жуық сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады -Лавриненко (ФОТО)

Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның Астана бойынша филиалы өз жұмысын жалғастыруда.
Астана қаласы 23 Сәуір, 10:17

«Барлық учаскелерде мінбер мен кабиналар орнатылған. Тек мектептерде ғана жоқ, себебі балалар әліде оқып жатыр. Бақылаушылар мен сенімді тұлғалар үшін орындар дайын. Барлығы дайын, барлығы ашық. Әр учаскеде қоғамдық комиссиядан бақылаушы отыратын болады. Олармен біздің арамызда байланыс орнатылған, олар бізге дайындық және бұзушылақтар туралы хабарлап тұрады», - деді Астана қаласы республикалық қоғамдық комиссия филиалының төрағасы Тамара Лавриненко.

Қалалық комиссия төрағасының айтуынша, жалпы Астана бойынша барлығы 157 сайлау үчаскісі жұмыс істеуде, бұдан басқа тағы жабық учаскілерде бар.

Айта кетерлік жайт, комиссия мүшелері сайлау учаскілерін дауыс беру күніне дайындығын тексеру мақсатында аралай бастады.

«Дайындық еліміз бойынша барлық жерде қадағаланып отыр. Біз республикалық комиссия атынан аймақтарды аралап, дайындықтарын тексерудеміз. Барлық жерде түсіндіру және дайындық жұмыстары аяқталды. Жалпы, ҚР Президенті сайлауына қазақстандықтар белсенді қатысады деп күтілуде», - деді ол.

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2015 жылдың 26 сәуірінде өтеді.

Камила Амирова





Дерекнама

Яндекс.Метрика