Ұлттың денсаулығы

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Қарағанды облысының 4 мың адамына қызмет көрсетті

Еліміздің мерейлі оқиғалар қарсаңында, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына және Ұлы Жеңістің 70-жылдығына орай, Жезқазған қаласына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ТЖ комитетінің «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» АҚ мамандарымен «Саламатты Қазақстан» атты медициналық пойызы келді.
Қарағанды23 Сәуір , 11:51

ҚР ІІМ ТЖК хабарлағандай, бір ай бойы Қарағанды облысының шалғай аудандарында болып, халыққа жоғары санатты медициналық көмек көрсетті. Жезқазған қаласы сәуір айына жоспарланған соңғы аялдамасы болып табылады. 

Өзінің қызметі барысында, пойыз 19 елді-мекенде болды, мамандармен 3935 адам қаралды және 51 796 қызмет көрсетілді.

«Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бір бағытын орындауға – ұлт денсаулығына деген қамқорлығын көздейді, себебі ұлт денсаулығы -болашағымыздың негізі болып келеді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика