Адамзаттық капитал

Тұңғыш рет С-295 экипажы ұшу-қондыру алаңындағы шағын аумаққа келіп қонды (Фото)

Апта басында әскери-транспорттық авиацияның (ӘТА) ұшқыш-инспекторы, 1 сыныпты ұшқыш полковник Рүстем Тілеумағамбетовтің басқаруымен С-295 ұшағы бірінші рет Бейнеу аэродромына келіп қонды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 24 Сәуір, 08:36

«Ақтау маңында орналасқан Бейнеу аэродромы 1983 жылы пайдалануға беріліп КСРО құлағаннан кейін инфроқұрылымының әлсіздігіне қарай іс жүзінде қолданылмаған. Бұл жерде ҰҚК ШК, ҚР ҚК ӘҚК әскери-әуе күштері авиациясының тікұшақтарын және Маңғыстаудағы мұнай-газ саласындағы кіші авиацияларын ауық-ауық қондырып келді», - делінген хабарламада.

 Дегенмен ұшу және қону сипаттамасына қарап шағын аумаққа С-295 ұшағын ұшыру-қондыруды іске асыруға рұқсат берді. Жүктелген міндеттер бойынша әуе құралдары ұшудың жоғарғы шеберлігі мен машықтарын көрсетіп «үздік» шықты. Осы нұсқада қонудыруды пысықтауға,болашақта аймақтарға әскерлер мен жүктерді жеткізу кезіндегі ҚР ӘӘК әскери-транспорттық авиациясының қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың желтоқсанында Қазақстанның ӘӘК төртінші С-295 әскери-транспорттық ұшағы әкелінді. «Airbus Military» ұшағын әкелу Қазақстан мен Еуропалық авиациялық концерн арасындағы бұрын бекітілген келісімшартқа сәйкес орындалды. Осы нұсқадағы ұшақтар 2012 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстанға пайдалануға жеткізілді.

С-295 экипаждары Қазақстан мен алыс шетел аумақтарында өткізілген барлық оқу-жаттығуларға қатысты. Екі жыл ішінде С-295 ұшағы  біздің ауа-райы жағдайларында өзін сенімді және жеткілікті күй талғамайтын ұшақ ретіндебайқатты.

 Бұдан өзге С-295 ұшағы беріктігі, басқаруға ептілігі, жоғарғы икемділігі, автоматты қозғалтқышының болуы, бақылау жұмыстары құрылымының сенімділігі, мұз басуға қарсы тиімді құрылымы, сондай-ақ апаттық жағдайларда жоғарғы жасампаздығы нақты артықшылықтарыболып табылады. Ұшақ тегіс жерлерден ұшып қона алады, сондай-ақ түнде көру әйнектерімен жабдықталған.

 





Яндекс.Метрика