Ұлтаралық бірлік

«ҚХА - 20 игі іс» - «Тайқазан» акциясына 1,5 млн астам адам қатысты (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Қазақстанда ағымдағы жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен ерекшеленіп отыр. 2015 жылдың ақпанында еліміз бойынша салтанатты түрде Ассамблея жылы ашылды. Оған 2800 елді мекен 1,5 млн халқымен қатысты. Мерейлі датаның құрметіне елімізде ірі әлеуметтік жобалар жүзеге асырылды, олар: «ҚХА - 20 игі іс» - «Тайқазан» және «Менiң Қазақстаным» республикалық пойыз акциясы.
Астана қаласы23 Сәуір , 11:21

«ҚХА - 20 игі іс» - «Тайқазан»  эстафетасы мемлекетіміздің барлық аймақтарын аралап Астанаға оралды. Бейбітшілік және Келісім сарайының алдында эстафета символы «Тайқазанға» құрмет көрсетілді. 

«2015 жылды Мемлекет басшысы Н.Назарбаев  ҚХА жылы деп жариялады. Менің ойымша ҚХА жылы  20 игі іс және оның символы «Тайқазанның» болуы ол заңдылық.  Себебі біздің елтаңбамыздағы шаңырақ бірлікті білдіреді», - деп атап өтті Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов салтанатты шара барысында. 

Ералы Тоғжановтың айтуынша, тек «Тайқазан» ғана біздің өткенімізді алып келіп, бүгінімізді біріктіре алды.

«Биылғы жылдың 6-шы ақпанында ҚХА жылы және «ҚХА  20 ізгі іс» акциясы басталды. Біз шартты түрде алғанда 20 ізгі іс деп айтамыз, ал шын мәнінде атқарылған ізгі істер өте көп. Кейбір облыстарда 100-ден астам ізгі істер жасалды. Бүгін «Тайқазан» Астанаға қайта қайтарылды»,-деді Астана қаласының түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі  Аскер Пириев «Тайқазанды» қарсы алу салтанатты шарасы  барысында.       

 

«Қалада көптеген қайырымдылық акциялары өтті. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған тұрғындарға, қарттарға, балалар үйлеріне, интернаттарға көмек көрсетілді. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай аллея отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Елдегі әрбір этнос осы мерекеге өзінше серпін беруге тырысты. Бұл біз үшін ең басты мереке»,-деді Астана қаласының кәріс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Роза Пак шара барысында.  

«Тайқазан» нышанын қарсы алу салтанатты шарасы театрландырылған көрініс ретінде өтті. Бүгін өтетін ҚХА XXII сессиясының қатысушылары еліміздің барлық аймақтарында атқарылған ізгі істер туралы толық біле алады.  

Ботагоз Айтжанова

Азамат Алиев

 




Яндекс.Метрика