Өңірлер

Атырау облысында ел өңірлерінің даму мәселелері талқыланды

Атырау қаласында «Көркейген өңірлер – қуатты Қазақстан» атты өңірлік сарапшылық форум болды, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Атырау23 Сәуір , 10:48

Форумның мақсаты Қазақстанның дамуындағы өңірлердің рөлін талқылау және оған сарапшылық баға беру болып табылады.«Нұрлы жол» бағдарламасының, «Қазақстан-2050» стратегиясының іске асырылу барысы мен перспективалары, Бес институционалдық реформа бағдарламасының әлеуеті осы Форумдағы пікірталастың түйінді мәселелері болмақ.

Қазақстандық қоғамның жаңа құндылық матрицасын қалыптастыруда «Мәңгілік ел» және Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеяларының рөлі мен маңызын осы Форум алаңдарында талқылау да маңызды болғалы тұр.

Сонымен бірге, ел өңірлерін табысты түрде дамытудың негізгі қағидаттары мен тетіктерін талқылау, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның одан әрі серпімді дамуы үшін ұсыныстарды тұжырымдау жоспарланып отыр.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика