Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИМДБ: Маңғыстау облысында құны 100,6 млрд теңге болатын 16 жоба жүзеге асырылады

Маңғыстау облысында ИИДМБ аясында 2015 жылы құны 100,6 миллиард теңге болатын 16 жоба жүзеге асырылып, 800 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Маңғыстау23 Сәуір , 10:02

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында бір жоба – толықкешенді винтті насос жүйесін шығаратын «КУДУ Индастриес Қазақстан» ЖШС  іске қосылды. Жобаның құны 370 миллион теңге, сонымен қатар аталмыш жоба 31 жұмыс орнының ашылуына негіз болды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.    

Бұған қоса 2015 жылы: «ҚазАвтоЖол»-«Шетпе-Бейнеу» автомобиль жолдарын қайта жөндеу ҰК» АҚ жобасын іске қосу жоспарда бар. Жобаның құны 46,4 миллиард теңге, жоба аясында 10 жұмыс орны ашылады. «Ақтау» халықаралық теңіз сауда айлағын солтүстік бағытта кеңейтуге бағытталған «Ақтаулық теңіз солтүстік терминалы» ЖШС жобасын жүзеге асыру барысында құрғақтағы жүктерге арналған жағалаулар мен инфрақұрылым нысандары салынады. Жобаның құны 37,5 миллиард теңге. Қуаты 2,5 тонна жүк қабылдай алады. Жұмыс орындары 173.

Жоспарда тағы «Sofie Medgroup» көпсалалы клиника салуды қарастыратын ««Sofie Medgroup» көпсалалы клиникасы» ЖШС бар. Нысан 13 мың адам қабылдауға қауқарлы және ол іске қосылса 224 жұмыс орны ашылады. Аймақта осы сияқты толық замерлі құрылғы орнату, сұйық дәрілік пішіндер мен медициналық бағыттағы бұйымдарды шығаратын,  үйқұрылысы комбинатын салуға бағытталған, теңіз суқақпалы стансасы мен теңіз суының құбыры, азық-түлік тауарларын сақтайтын қойма салуды көздейтін тағы да бірқатар жобалар бар.     

   

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика