Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстанда «Қазақия-2015» отандық блогерлер байқауы өтті

Қазақстанда сәуірдің 11 мен 22 аралығында «Қазақия-2015» блог-тур өтті.
Казахстан22 Сәуір , 19:48

Хабарланғандай, бағыт Алматы, Сарыөзек, Үштөбе, Аягөз, Риддер, Семей, Ақсу, Екібастұз, Теміртау, Жаңаарка, Жезқазған, Астана сынды станцияларды қамтыды.

Жобаның басты мақсаты – еліміздің 12 нүктесінен блогерлердің қатысуымен әзірленген, әлеуметтік желіге арналған қазақ тілді контентпен толықтыру

Блог байқаудың 9 қатысушысы 12 күн бойы 12 станцияны аралады. Блогерлер өте аз уақытта өздері барып қайтқан жерлер туралы жариялымдар жазып тұрды.

«Мен өзім 7 күн бойы блогерлердің қасында жүрдім. Жалпы бұл байқауды өткізу идеясы танымал жүргізуші Рахат Жақсыбайға тиесілі. Біз бірінші кезеңде 50 адамның ішінен 26 іріктеп алдық, қалғандарына тек 9 қалдырдық», - деді блогерлер тобының жетекшісі Өркен Кенжебек.

Оның айтуынша, ақтық мәреге өткендердің барлығы еліміздің түрлі аймақтарынан келген: Шымкент, Атырау, Астана, Алматы. Олардың ішінде кәсіби журналистерде бар.

Айта кетерлік жайт, байқаудың жүлде қоры 1 млн теңгені құрады. Бірінші орын үшін Нұрбек Бекбау 500 мың теңгенің сертификатын алды. Екінші орынды және 300 мың теңгенің сертификатын Эльвира Ергалина иеленді. Үшінші орын мен 200 мың теңгенің сертификаты Ақбота Мұсабекқызына бұйырды. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика