Үкімет

Қазақстан мен Түркіменстан басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердымұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Сәуір , 19:01

Екі елдің көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға 2014 жылғы желтоқсандағы сапары кезінде жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Мемлекет басшылары сапар қорытындысын жоғары бағалады және сауда-экономика әлеуеті мен «Қазақстан – Түрікменстан – Иран»  теміржол магистралін тиімді пайдалану қажеттігін тағы бір рет атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Гүрбангулы Бердымұхамедов Түрікменстан Президентінің Қазақстанға алдағы ресми сапарына дайындық мәселелері жөнінде де сөз қозғады. 




Яндекс.Метрика