Парламент

Қазақстан мен Литва саяси және экономика салаларындағы екіжақты қатынастардың дамуын талқылады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Витаутас Наудужасты оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Сәуір , 20:07

Кездесуде тараптар саяси және экономика салаларындағы екіжақты қатынастардың даму келешегін талқылады. Аймақтық және халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша көзқарастардың ұқсастығы атап өтілді. Жүздесушілер екі елдің әлеуетін ескере отырып, атап айтқанда Литва тарапының Клайпеда қаласында 2015 жылғы 5-6 маусымда жоспарланған «Халықаралық Литва-Қазақстан көлік-логистика конференциясының» қарсаңында сауда және инвестициялық ынтымақтастықты үдетудің қажеттігіне тоқталды.

Осыған байланысты сенатор конференцияға қатысуға ресми шақыру үшін ризашылығын білдірді.

 




Яндекс.Метрика