Ұлтаралық бірлік

ҚХА-ның 20 жылдығын мерекелеу аясында Астанаға «Менің Қазақстаным» пойызы келді

Бүгін Қазақстанның темір жол вокзалына мамандандырылған «Менің Қазақстаным» пойызы келді. Аталмыш республикалық акция ҚХА 20 жылдығына орай өткізіліп отыр.
Астана қаласы22 Сәуір , 17:28

«Менің Қазақстаным» пойызы 12 мың км жүріп өтіп, 27 жергілікті пунктте болды. Акция өткізу барысында елдің әр өңірінде этносаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шаралар өтті», - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Берік Камалиев.

«Менің Қазақстаным» пойызы 30 күн ішінде 29 кіші және ауылдық жерлерді аралады. Әлеуметтік ауқымды акцияның мақсаты Елбасының Жолдауында айтылған «Мәңгілік ел» идеясын насихаттау, мәдени және қоғамдық шараларды ұйымдастыру, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласын қолдау  болып табылады.

Шараға 180 адам қатысты, оның ішінде ҚР парламентінің депутаттары, ҚХА мүшелері, ЭКО жетекшілері, «Қоғамдық келісім» РМБ қызметкерлері,қазақ эстрадасының әртістері мен заңгерлер, дәрігерлер және аграрилер бар.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика