Сайлау-2015

Қазақстанның электоралды жүйесі демократиялық стандарттарға жақындады – Якушева

Қазақстанның электоралды жүйесі демократиялық стандарттарға жақындады, деді «Солтүстік-Оңтүстік» саяси орталығының атқарушы директоры Юлия Якушева «Қазақстан21 ғасырда: сәттілік стартегиясы» сарапшылар кеңесінде.
Астана қаласы22 Сәуір , 17:13

«Қазақстан мен ресей сарапшылары ҚР-дағы сайлау заңнамасының қалыптасуына талдау жасады. Атап айтқанда, қазақстандық сайлау жүйесінің демократиялық стандартқа жақындауы қаралды. Қазіргі таңда Қазақстанның сайлау  жүйесі демократиялық стандартқа біршама жақындай түсті», - деді Ю. Якушева.

Сарапшы атап өткендей, Қазақстанның электоральді жүйесі саяси үрдістің ерекшеліктерін қарастырады.

«Заманауи сайлау компаниясына келетін болсақ, бірқатар ерекшеліктер ескерілді, оның ішінде кезектен тыс сайлауды өткізуге сыртқы тигізетін әсерлер қаралды», - деді ол.

Сарапшылардың бағалауынша, электоральді жүйенің эволюциясы президенттік сайлаудан кейін де жалғасатын болады.

Айта кетейік, ҚХА кеңесі кезектен тыс сайлау өткізу бастамасын ұсынған болатын. 26 сәуір күні Қазақстанда Президент сайлауы өтеді.

Камила Амирова




Дерекнама

Яндекс.Метрика