«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол» бағдарламасының аясында Қазақстан тұрғындары сапалы біліммен қамтылған – Ә.Галимова (Фото)

«Нұрлы жол» бағдарламасы тұрғындарға сапалы білім алу үшін үлкен мүмкіндіктер жасап отыр, деді Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Әлия Галимова «Нұр Отан – Бақытты отбасы» атты партия жобасы аясында көпбалалы отбасы өкілдерімен болған кездесуде.
Астана қаласы 22 Сәуір, 17:06

«Соңғы 3 жыл көлемінде Қазақстанда 300 мектеп салынды. Осы уақытта «Балапан» бағдарламасы жүзеге  асырылуда және 2020 жылға дейін балаларды мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру ісімен 100 пайыз қамту жоспарланып отыр. Өткен жылдың қараша айында Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» Жолдауын жария етті. Аталған бағдарлама азаматтардың жұмыспен қамтамасыз етіліп, тұрғын үй мәселелерін шешуге үлкен мүмкіндік береді. Бағдарлама тұрғындардың сапалы білім аулына да жағдай жасайды. Осының барлығы да мемлекеттің тұрғындарға барыншы көңіл бөліп отырғандығының көрінісі»,-деді Ә.Галимова.

Оның сөзінше, ҚР Президенті денсаулық, ата-аналар мен отбасы институтына көңіл бөлген мемлекеттердің жақсы дамып келе жатқандығын атап өтті.  

Ботагөз Айтжанова

 





Яндекс.Метрика