Адами капитал

ШҚО-да «Менің отбасымның ҰОС-қа қосқан үлесі» акциясының жеңімпазы марапатталды

Өскеменде өтіп жатқан «Ұлы Отан соғысы: тарих, әдістеме мен заманауи ұғыну» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында «Менің отбасымның ҰОС-қа қосқан үлесі» акциясының жеңімпазы марапатталды.
Шығыс Қазақстан22 Сәуір , 18:41

ШҚО ақпараттық орталығы хабарлағандай, конференцияда әдістемелік мәселелер талқыланды: «Нацизмді жеңу  мақсатындағы дүниежүзілік тарихи үлес», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Шығыс Қазақстан», «Семейліктер Ұлы Отан соғысында: мәдениет және әдебиет аспектілері», «Алтай әйелдері – Ұлы Отан соғысының Кеңес Одағы батырлары».

«Біз барлығын есте сақтауымыз қажет. Себебі, ол мәңгі өзекті тақырып. ҰОС туралы жаңа зерттеулер мен материалдардың табылуы соғысты қабылдаудың заманауи ұғынуына үлес қосады», - деді «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Нұрлыбек Шерубаев.

Конференция барысында «Жаңаша тарихтың өзекті проблемалары: әдістеме және заманауи ұғыну» секциялық отырыс өтті.

 

 

 




Яндекс.Метрика