ҚР Тілдерді дамыту және қолданудың мемлекеттік бағдарламасы

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің қызметкерлері мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша тест тапсырды

Қазақстан Республикасындағы тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді іске асыру аясында Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің профессорлық оқытушылар құрамы мен қызметкерлері ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өтті.
Астана қаласы22 Сәуір , 18:39

«Тіл саясатын табысты жүзеге асыру ҚДСЖМ стратегиялық дамуының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Мектеп ұжымы тестіге дайындық және тест тапсыруға жоғары жауапкершілікпен қарады», - делінген ҚДСЖМ хабарламасында.

Тестілеу ұзақтығы 2 сағат 30 минут болды. Тест барлығы 105 сұрақтан тұратын тыңдалым, лексика-грамматика, оқылым бөліктерін қамтыды.

ҚР БҒМ «ҚАЗТЕСТ» ҰТО ұсынған тестілеу нәтижесі бойынша топтар жасақталып, мемлекеттік тілді жетілдіретін болады.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша оқу-әдістемелік кешенді қолдана отырып, 4-айлық дайындықтан кейін, яғни 2015 жылдың қыркүйегінде  ҚДСЖМ қызметкерлері үшін сертификат беретін тестілеуден өту жоспарланып отыр.

Айта кетейік,  ҚР ДСӘДМ ШЖҚ «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» РМК мен ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКК арасында №26-С/2015 ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Меморандум бойынша ҚДСЖМ Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласындағы ҚАЗТЕСТ-тің жалғыз ресми өкілі  болып табылады. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика