Адамзаттық капитал

Қазақстанда 2 мыңнан астам бала патронат ата-аналардың қамқорлығында – ҚР БҒМ

Қазақстанда 2 мыңнан астам бала патронат ата-аналардың қамқорлығында, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы, «Білім» бастауыш ұйымының төрайымы Әлия Галимова «Нұр Отан – Бақытты отбасы» атты жоба аясында өткен кездесуде.
Астана қаласы22 Сәуір , 16:51

«Елімізде әлеуметтік саясат аясында көптеген жұмыстар атқарылуда, сонымен қатар ана, әке, бала, ата-аналық құқық мәселелері бағытында да, басқаша айтқанда отбасы институтын қорғау мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Қазақстанда патронаттық тәрбие беру бағдарламасы сәтті жүзеге асуда. Бүгінде оларды 4 миллион отбасы құрайды, олардың арасында 5 миллион бала, оның ішінде 20 мыңы қамқоршылықта. 2 мыңнан астам бала патронаттық тәрбиеде»,- деді Ә.Галимова.

Оның сөзінше, патронаттық отбасыларға мемлекет тарапынан айтарлықтай материалдық көмек көрсетілуде.

«Биылғы жылдың басынан бері ата-ана құқығына ие болған отбасыларға 150 мың теңге көлемінде бірмезгілдік жәрдемақы төлунде»,-деді Ә.Галимова.  

Бүгін «Нұр Отан – Бақытты отбасы» жобасының аясында жетім және қамқорлығынсыз қалған балаларды өз қарауына алған көпбалалы отбасы, қамқоршы, патронат тәрбиешілермен кездесу өтті.  

Мұндағы мақсат - отбасының әл-ауқатын арттыру, отбасын қоғамның негізі ретінде нығайту, рухани құндылықтар мен ұлттық мәдениетті жаңғырту, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытында мемлекет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қалың көпшіліктің назарын аудару.

Ботагөз Айтжанова

 




Яндекс.Метрика