Сайлау-2015

ҚКХП атынан кандидат аймақтық сайлауалды штабтары жетекшілерімен скайп-конференция өткізді

Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан ҚР Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов аймақтық сайлауалды штабтары жетекшілерімен скайп-конференциясын өткізді, деп хабарлады штабтың баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Сәуір , 16:19

Кіріспе сөзінде Т.Сыздықов үгіт-насихат науқаны жоғары дәрежеде жария және тең мүмкіндіктер жағдайында өткізіліп отырғанын жеткізді.

«Кандидаттың үгіт-насихат поезы сегіз аймаққа барып, сайлаушылармен 60 астам кездесулер өткізді.

Біз өзіміздің коммунистік тұғырнамамыз, марксизм-ленинизм идеялары, жалпы адамдық құндылықтар – бейбітшілік, тұрақтылық пен төзімділік, интернационализм мен халықтардың достастығы туралы әңгіме қозғадық. Көп уақытты халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ортақ өркендеу мен бейбітшілік үшін барлық халықтардың өзара әрекеттестікке тартылу қажеттігі туралы дискуссияларға жұмсадық», - деді жиналғандарға Тұрғын Ысқақұлы.

Содан кейін, облыстық комитет жетекшілері жұмыс нәтижелері жөнінде баяндады.

Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі С.Ярлыгасымов, насихатшылардың 18 елді мекенді аралап, сайлаушылармен кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы туралы баяндағанын жеткізді.

Атырауда да жұмыс өз жалғасын табуда. Атырау облысы бойынша сайлауалды штабының жетекшісі Е.Даулетқазиев баяндағандай аймақта жүргізіліп отырған жұмыс жемісті. Штаб қызметкерлері Ақкөл, Мақат, Аққыстау, Көлсары аудандық орталықтарда кездесулер өткізген.

Ақтөбелік сайлауалды штабында 5 сенімді тұлға және 20 обком белсенділері, бүкіл облыс бойынша 120 насихаттаушы қызмет етіп келеді, - деді Ж.Молдашев.

Маңғыстау облыстық сайлауалды штабы Ақтау қаласынан басқа үш елді мекенде – Шетпе, Форт Шевченко, Мұнайшы қалаларында кездесулер өткізді, - деп баяндады обком жетекшісі Р.Махамбетова.

Сайлауалды штабының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Н.Қадырқұловтың айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысында тіпті алыс жатқан аудандар қамтылды. Осы уақытқа дейін 250 астам кездесулер және 15 000 жуық адамдар қамтылды.

Республикалық штаб жетекшісі А.Қоныров елде 16 облыстық және 1 республикалық сайлауалды штабы қызмет етіп отырғанын, кандидатың 100 жуық сенімді тұлғаларының тіркелгенін, үгіт-насихат жұмысында 15 000 астам белсенділер мен насихаттаушылар тартылғанын баяндады.

Басылымдар мен электронды бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарға кандидат пен аймақты сайлауалды штабтарының қызметі туралы мыңнан астам ақпарат жарияланды. 

«Біз Казахстанская правда, Егемен Қазақстан газеттерімен, Bnews сайтымен, 24kz, Хабар, Казинформ агенттіктерімен тығыз ынтымақтастық орнаттық», - деді А.Қоныров.

Орыс және қазақ тілдеріндегі сайлауалды бейнероликтері төрт ресубликалық – КТК, Хабар, 31 канал, Қазақстан телеарналарында көрсетіліп келеді.

Қазіргі кезге дейін бейнежазба 184 рет көрсетілді. «Қазақ радиосында» екі тілде үгіт-насихат аудиожазбасы таратылуда.

Бүкіл республикада, облыс орталықтарындағы, аудандар мен ауылдардағы жарнамалық орындарда 600 000 сайлауалды плакаттары ілінген.

Әрбір облыс орталығында 80 билборд орнатылған.

Сонымен бірге, Т.Сыздықовтың белсенділері  халықаралық бақылаушылармен кездесулер өткізген – ЕҚЫҰ өкілдері барлық облыстық сайлауалды штабтары қызметкерлерімен кездесті.

Республикалық штабта да ЕҚЫҰ басшысымен және сайлауды бақылау бойынша республикалық қоғамдық комиссияның өкілдерімен кездесулер өткізілді. Сайлау науқаны қандай да құқық бұзушылықтарсыз, ұлттық заңнама мен халықаралық нормалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылып келеді.

Бүгін Қазақстан Коммунистік халық партиясы атынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Т.Сыздықов пен жас коммунистер тобы қызыл ленталармен әсемделген көгершіндерді аспанға ұшырды. Оларды ұшуы дүниежүзіндегі бейбітшілікті, тұрақтылық пен өркендеуді, сондай-ақ, коммунистік идеялардың жаңа биіктерге көтерілуін сипаттайды.

Шараның 40-тан астам қатысушылары құстардың ұшқанын қызыл жалаушалармен қарсы алды.

Акция қатысушыларының алдында баяндама жасай келе, Т.Сыздықов бүгінгі күні бейбітшілік пен өркендеу идеяларын алға тарту жастарға түсінікті және айқын рәміздердің қажет екенін жеткізді.

«Осы көгершіндердің ұшуы астарында, тек айқын және түсінікті рәміздер мен мақсаттар біздің жастардың қашықтықтардан өтуін және жаңа көкжиектерге жетуін білдіретін идея жатыр.

Бейбітшілік құсы деп танылған көгершін, дүниежүзінің барлық жеріндегі ұрпақтардың өкілдеріне түсінікті интернационалдық рәміз болып табылады.

Ол сондай-ақ: «Ізгілік, мейірбандық және қонақжайлық - біздің көршілермен достастығымызды берік негізі. Осы құндылықтар біздің жеріміде бірлік пен өркендеуге алып келеді.

Біздің мәдениетіміздің біртұтастығы мен қайталанбастығы интернационализм қағидаларына негізделген», - деп ойын жеткізді.

«Осы сайлау науқаны арқылы коммунистер өздерінің қағидалары мен марксистік-лениндік ілім негіздерін жеткізе алды. Мен сегіз аймақта болып, 15 қалаға барып, сайлаушылармен 60-тан астам кездесулер өткіздім», - деп хабарландырды Т.Сыздықов акция қатысушыларын.

 




Яндекс.Метрика