Сайлау-2015

Кандидат Н.Назарбаевтың РҚШ мүшелері Степногорск қаласына барды

Бүгін, 2015 жылдың 22-ші сәуірі ҚР Президенттігіне үміткер Н.Назарбаевтың Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Степногорск қаласының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлады қоғамдық штабтың баспасөз қызметі.
Ақмола22 Сәуір , 16:05

РҚШ мүшелерінің  қала активімен кездесуі барысында «СП Sareco» ЖШС  металлургия зауытының жұмысшысы Асылбек Қаржаубаев , Қазақстанның жұмысшыларымен бірге президенттік сайлауда Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беретінін жеткізді.

«Біз барлығымыз 90 жылдары Степногорск тұрғындарына қаншалықты қиын болғанын білеміз: бірегей өндіріс ошақтары тоқтап тұрды, жұмыссыздықтан көптеген тұрғындар қаладан кетіп қалды. Алайда, Ұлт көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында қаланың екінші тынысы ашылды. ҮИИД бағдарламасы бойынша жаңа 5 кәсіпорын ашылды. Мен жұмысшы азамат ретінде айтарым осындай мүмкіндігі зор мемлекетті нағыз кәсіпқой басқару керек. Ал ондай адам ол біздің  Президент!», - деп атап өтті  А.Қаржаубаев.

Степногорсктық «Жас Отан» филиалының жетекшісі  Никита Карандашов   кездесуде қаланың барша жастары Нұрсұлтан Назарбаевты өздерінің кумиры ретінде есептейтінін жеткізді. 

"Нұрсұлтан Әбішұлы бұл өмірде бәріне өзі қол жеткізді. Мен оның ер азаматқа тән ержүректілігіне, мақсатына ұмтылу қасиетіне таңқаламын. Осы ретте айта кетерлігі оның алдында бүгінгі біздің жастарымыздың алдындағыдай мүмкіндіктер болмады. Жалпы, Қазақстан жастарының айы оңынан туып отыр. Біз табысты және өркендеп келе жатқан мемлекетте тұрып жатырмыз. Бізде әлемнің үздің оқу орындарында білім алу, жеңілдікпен пәтер алу және жұмыс үшін үздік шарттарды таңдау сынды мүмкіндіктеріміз бар. Менің көшбасшым   біздің Елбасы», - деп атап өтті  Н.Карандашов.

«Биомедпрепарат» кәсіпорнындағы кездесу барысында жас ғалым Ринат Ханнанов Мемлекет басышысына "Болашақ" бағдарламасы үшін алғыс білдірді. 

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасында мыңдаған қазақстандықтарға сияқты қарапайым отбасынан шыққан маған да Президенттің «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші деген университеттерінің бірінде білім алуға мүмкіндік туды. Мен М.Ломоносов атындағы ММУ бітірдім және маған артылған сенім үшін үлкен жауапкершілікті сезінемін. Сол ебепті оқуымды тәмамдаған соң өзіме жұмсалған шығынды бірнеше есе етіп қайтару үшін мен жұмысқы орналасуға тырыстым. Менің жолым болып, өзімнің қызметімді еліміздегі ерекше ұжымдардың бірінде бастауға мүмкіндік туды.  Біз денсаулық сақтау саламыз үшін маңызды болып табылатын отандық имунды модельдеу препараттарын дайындаумен айналысамыз.  Мұндай зерттеулер Қазақстанда Елбасы қамтамасыз еткен экономикалық өрлеудің арқасында мүмкін болды»,- деді Ринат Ханнанов. 

РҚШ мүшелері Ақмола облысының тұрғындарымен кездесу барысында Қазақстанға әйгілі «Родина» агрофирмасының ұжымымен кездесті.

«Мен мұнда ұзақ жылдардан бері сауыншы болып жұмыс істеп келемін, балаларды өсіріп, білім де бердік. Біздің ауылымыз өсіп-өркендеуде, сол себепті бұл жерде жастар да тұрақтап қалуда. Олар үлкендердің тәжірибесінен көп нәрселерді үйреніп, ауылды көтеруге атсалысуда. Біз елімізде болып жатқан үлкен өзгерістерді біліп, сезініп отырмыз. Елде әлеуметтік бағдарламар сәтті жалғасып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бұл дегеніңіз тұрғындардың өсір сүру сапасы артып, қоғамда тұрақтылық сақталып отыр деген сөз»,-деді «Родина» агрофирмасы» ЖШС машинамен сауу операторы Галина Ковтун өзінің сөзінде. 

Ақмола облысының тұрғындары РҚШ мүшелерін осы өңірдің барлық тұрғындары Президенттік сайлауда дауыстарын Нұрсұлтан Назарбаевқа беретіндіктеріне сендірді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика